Өзін-өзі емдейтіндер қандай дәрі ішу керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жоғары санатты дәрігер Раушан Қарабаева ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында симптомсыз жағдайдағы өзін-өзі емдейтіндерге кеңес берді. 

Коронавирус инфекциясынан өздігінен емделу мәселесіне тоқталғым келеді. Біз қазір симптомды және аз симптомды науқастардың үйде емделуін айтып жатырмыз. Дәрігерлер ондай науқастардың емін реттеуі керек. Аз симптомды ауруы бар науқастар вирусқа қарсы және антибактериялық препараттарды қолданбауы керек. Ондай науқастар ақуызы көп тамақты ішіп, сұйықтықты көп тұтынып, С, D витаминдерін қолдану керек. Температура көтерілген жағдайда парацетамол немесе ибуфен ішу керек, - деді ол. 

Қарабаева С витаминін шамадан көп қолданудың салдары туралы айтты. 

Витаминді көп мөлшерде қолдану өкпенің ауруларын асқындырып жібереді. Қызу 38 градустан жоғары болып, токсикацияның симптомдары пайда болса, пневмонияның өршуін болдыртпай, дереу дәрігерге көріну қажет. Коронавирус індеті кезінде вирусқа қарсы препараттар жазылады. Мәселен, лопинавир, ремдесивир, фавипиравир және гидрокси-хлорофилл. Алайда бұл препараттардың салдары туралы да ұмытпаған жөн. Симптомсыз науқастар бұл препараттарды қолданбауы тиіс. Бұл дәрілер тек дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы керек, - деді ол. 

Маман үйден емделіп жатқандар антибиотиктерді де көп қолданатынын айтты. 

Антибиотикті шамадан тыс көп қолдану иммундық жүйеге жауап беретін жүйені әлсіретеді. Антибиотиктерді бей-берекет қолдану иммунитетті түсіреді. Бұл организмге кері әсерін тигізуі мүмкін, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы