Емделіп жатқан 405 адамның жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан 405 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында жазылды.

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 8 тамыздағы ақпарат бойынша, 111 239 адам коронавирус инфекциясынан (–107 348 + және 3 891 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 30 633 пациент стационарда, 80 606 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 918 адамның жағдайы ауыр, 405 пациенттің жағдайы өте ауыр, 196 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы