Елжан Біртанов #SafeHands челленджін қолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ДДСҰ бастамасы бойынша жасалған челленджді қолдады.
Министр қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияны тоқтату үшін бірнеше өте жеңіл жолдары бар екенін көрсетті.Бұл челледжді менің әріптесім, досым Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы доктор Тедрос бастаған. Коронавирустық инфекцияны тоқтату үшін, әр адам өзінің жеке бастық гигиенасын сақтау керек. Оның бірінші қадамы – қол жуу. Сабынды алып, қолымызды жақсылап сабындаймыз. Бірінші алақанымызды жуамыз, кейін қолымыздың сыртқы бетін жуамыз, саусақтарымыздың арасында жақсылап сабындаймыз, сосын бас бармағымызды жуамыз және тырнағымызды жуамыз. Ағын суға қолымызды жақсылақ жуып, таза сүлгі алып, қолымызды құрғатып сүртеміз, - деді министр.
Естеріңізге сала кетейік, 22 наурыздағы ақпарат бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 57 адамға жетті. Оның ішінде - 31 науқас Нұр-Сұлтан қаласында, 23 адам Алматыда қаласында және Алматы облысында - 1, Қарағандыда - 2 науқас тіркелді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Вице-премьердің інісі самбошының орнына әкім болды
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы