Елжан Біртанов: Ана өлімі 9% азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халыққа есеп беріп, Денсаулық сақтау министрлігінің өткен жылғы қызметінің қорытындыларымен және ағымдағы жылдың міндеттерімен таныстырды.
"Бірнеше күн бұрын Қазақстан дәрігерлері өздерінің кәсіби мерекесі - Медицина қызметкері күнін атап өтті. Ел президенті медицина саласындағы мамандарды құттықтап, дәрігерлердің еңбегі адамдарға белсенді қызметке, көбінесе өмірге оралуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондықтан да жоғары мінбеден әріптестерімді тағы да құттықтауға рұқсат етіңіздер. Еңбектеріңіз жемісті болсын!", - деді Елжан Біртанов.
Министрдің айтуынша, соңғы 3 жылда елімізде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерді жақсартудың оң динамика байқалады.
"Күтілетін өмір сүру ұзақтығы 0,85 жасқа ұлғайды. Жалпы өлім 3 %-дан аса төмендесе, ана өлімі 9%, нәресте өлімі 6,5% азайды. Туберкулезден болатын өлім 29 %-ға төмендеді", - дейді ол.
Халыққа есеп беру кездесуіне ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, медициналық мекемелер мен жоғары оқу орны өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.