Эльвира Әзімова Конституциялық комиссияның алдағы жоспарын айтты
Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Әзімова Конституциялық комиссия жұмысы ары қарай мемлекеттік органдармен, азаматтық ұйымдармен жалғасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Конституциялық комиссия тек жұмыс топтарының ұсыныстарымен шектелмеді. Жалпы, былтырғы қыркүйек айынан қоғамда талқылау басталды. Оның аясында тиісті жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар, 2026 жылдың бірінші айында комиссия құрылғанын білесіздер. Бүгін баяндамашылар атап өткендейі, қазіргі кезде 2 мыңнан астам ұсыныс ел азаматтарынан келді. Сондықтан комиссия жұмысы ары қарай мемлекеттік органдармен, азаматтық ұйымдармен жалғасады, - деді Әзімова.
Ол Конституция жобасын талқылауды және қосымша түсіндіруді талап ететін мәселелер бойынша азаматтармен кері байланыс түрде пікірталас та келесі отырыста жалғасатынын жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысында жол жабылды
Өзгелердің жаңалығы