Қазақстанның Ирандағы елшісі тағайындалды

Астана, baq.kz. Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның Ирандағы елшісі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды" - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы