Елші президенттің Қытайға алдағы сапары туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо журналистермен сұхбат барысында мәлімдеді.

Қыркүйектің 10-12 аралығында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапармен барады. Мемлекет басшысының президенттің постқа түскенінен кейінгі Қытайға алғашқы сапары болмақ. 

«Кеше Қытай СІМ ресми өкілі бұл сапар туралы ресми түрде хабарлады. Бірнеше күннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға алғаш рет мемлекеттік сапармен барады. Қазір екі астанада сапарға дайындық толық жүріп жатыр. Сапардың маңыздылығы – біз осы кезге дейінгі дипломатиялық қарым-қатынасымыздың нәтижесінде қол жеткізген жетістіктерімізді бұдан әрі жалғау мақсатында Қазақстан президентінің Қытай басшылығымен қарым-қатынасын сақтау. Екіжақты кездесуде ел басшылары жаңа қарым-қатынастың шегін белгілейді. Сонымен қатар, тағы бір мәселеге ден қойғым келеді. Сапар Қытайдың құрылғанына 70 жыл толуының алдында болмақ. Меніңше, осы уақыт жайдан-жай таңдалған жоқ. Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда ұзақ уақыт тұрды және жұмыс істеді, сондықтан оның бағдарламасында Қытай сапары осы уақытқа қойылуы кездейсоқ емес. Ол сапар барысында ресми емес кездесулер өткізеді. Қытайдың іскер ұйымдарымен кездесіп, Қытай Қоғамдық ғылымдар академиясында сөз сөйлейді. Оның ресми кездесулері де өте қарқынды болады», - деді дипломат.

Елші кездесуде екі мемлекет басшылары қандай мәселелерді талқылайтыны туралы айтты.

«Кездесуде екі елдің басшылары екіжақты қатынасы, өзара әрекеттестіктегі басым бағыттары, халықаралық аренадағы екі елдің қатынасы туралы өзара пікір алмасады. Себебі әлемде тыныштық жоқ. Бұл біздің елдерімізге әсер етеді. Жалпы халықаралық аренада аймақтық, әлемдік проблемаларға байланысты елдеріміз өзара ынтымақтастықта әрекет етеді. Сондықтан бұл да ел көшбасшыларының саяси диалогында талқыланады. Сонымен қатар, экономикалық ынтымақтастық талқыланады. Қасым-Жомарт Тоқаев менімен кездесу барысында айтқан бағыттардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Жоғары технологиялық, мәдени-гуманитарлық қатынас та маңызды мәселе ретінде талқыланады. Деректер базасы, телекоммуникация, жасанды интеллект, цифрландыру – Қытай осы бағыттарда әлем бойынша алдыңғы қатардағы ел болғандықтан, осы салалардағы ынтымақтас шет қалмайды», - деді Чжан Сяо Тоқаевтың Бейжіңде талқылайтын мәселелері туралы. 

Айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Пекинде бұрынғы достарымен кездеседі.

«Кеше алдыңғы топ ұшып кетті, бүгін тағы бір делегация ұшады. Қазір олар президенттің сапарындағы кездесулерге қатысты талқылап жатыр. Қытайда жұмыс істегенде президенттің өзінің қытайлық достары көп болды. Оның есте сақтау қабілеті өте жақсы болғандықтан, ол өзінің дипломатиядағы достарымен кездескісі келетінін жеткізді... Сондықтан Тоқаев Қытайда дипломат болып жұмыс істегендіктен. Оның ескі достары кім екенін түсіну қиын емес... Біз Қытайдан келген соң тағы кездесеміз. Толығырақ тағы айтып беремін», - деді елші.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы