Елші Моңғолияның Конституциялық сотының төрағасымен кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елші Жалғас Әділбаев Моңғолияның Конституциялық сот төрағасы Чинбат Намжил мен Конституциялық соттың мүшесі Одбаяр Доржмен кездесті.
Кездесу моңғол тарапының өкілдеріне «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдарын тапсырудан басталды. Ш.Намжил және Монғолия КС мүшесі О.Дорж оларға Қазақстаннан мерекелік медаль алу үлкен құрмет екенін айтып, көңіл бөлгендері үшін алғыстарын білдірді.
Сондай-ақ, Ж.Әділбаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауының тезистерін айтты. Жолдау мәтіні Моңғолия Конституциялық сотының өкілдеріне де берілді.
Кездесу барысында тараптар сот саласындағы екіжақты ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылап, Моңғолияның Конституциялық соттың төрағасы Ч.Намжил пандемияға байланысты келесі жылға шегерілген Қазақстан Республикасының ұйымдастыруындағы (Азиялық Конституциялық соттар және балама институттар қауымдастығының конгресі) халықаралық іс-шараларға қатысуға моңғол тарапының дайын екендігін білдірді, - делінген таратылған ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
7 жылға дейінгі мерзімге 6 пайызбен несие беріледі – министр
Келесі жаңалық
Есірткі таратқан астаналық 18 жылға сотталды
Өзгелердің жаңалығы