Қазақстан Елшісі Эстония парламенті спикерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эстонияның Таллинн қаласында Қазақстанның Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстонияның Рийгикогу (парламент) спикері Хенн Пыллуааспен кездесті.
Кездесу барысында Х.Пыллуаас екіжақты қатынастар үшін жағымды Эстонияда Қазақстанның Елшілігін ашу фактісін қанағаттанушылықпен атап, Қазақстан-Эстония ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірді.
Қазақстан мен Эстония парламенттеріндегі депутаттық достық топтарының қызметіне белсенді назар аударылды.
Елші Н.Сейтімов сұхбаттасушыны Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзгерістер туралы хабардар етті.
Тараптар электрондық үкімет, ақпараттық технологиялар, ауылшаруашылық салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың тиімді өсу үшін жақсы перспективалары бар екендігі туралы уағдаласты.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-ның Марқа көліне апаратын автожолға асфальт төселеді
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы