АҚШ елшісі Атырауда жүр

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уильям Х.Мозер Атырауға ат басын тіреді.  Сапар барысында мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарды аралаған  елші облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қабылдауында болды. 

"Екі ел арасындағы әріптестік байланыс қарқынды дамып келеді. Қазақстан   тәуелсіздік алғаннан бастап біздің компаниялар инвестициялық жобаларға белсенді қатысуда. Бұл біздің елімізге, Елбасы саясатына деген сенімді білдіреді. Екі арадағы өзара байланыстың кеңеюі осыған дәлел. Елбасының инвестицияға қолайлы орта қалыптастыру саясаты ел экономикасын дамыту үшін тығыз  халықаралық байланыс орнатуға мүмкіндік беріп отыр",-деді Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев

Елшімен жүздесуде облыс әкімі мұнайлы өңірдің жетістіктеріне тоқталып,  елімізде  өндірілетін қара алтынның басым бөлігі «Теңізшевройл» компаниясының үлесінде екенін айтты. 

«Облыстағы мұнай компаниялары әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етіп отыр", - деді аймақ басшысы. 

Ал елшінің айтуынша, бұл оның мұнайлы астанаға алғашқы сапары емес екен. 


"1998 жылы Атырауға, "Теңізшевройл" компаниясына келдім. Ол кезде энергетика бойынша атташе едім. Содан бері Атырауда көп өзгерістер болыпты. Инфрақұрылым, халықтың жағдайы біраз жақсарған. Мен ел аумағында жұмыс істеп жатқан шетелдік компаниялар атынан Қазақстан басшылығына алғыс айтқым келеді. Компаниялар үшін аймақтағы биліктермен өзара байланыста болудың маңызы зор",-деді АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі  Уильям Х.Мозер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы