Елорданың жасыл белдеуіне қанаттылардың жаңа түрі қоныстанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жасыл белдеуге жетісу қырғауылы жерсіндірілуде, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. 


Қазір бұл табиғи оазисте мыңдаған құс пен жануар мекендейді. Белдеудің өзі қаланың дүрбелеңінен шаршаған жүздеген астаналықтар үшін жайлы демалыс орнына айналды. Мұнда қоян, қарсақ, түлкі, кекілік бар. "Астана Орманы" ЖШС бас агрономы Ардақ Хасенов белдеуде қояндар саны артқанын айтты. 

Қыста олар жыл сайынғы өсіп-өну арқылы әртүрлі ағаштардың жас көшеттерін бүлдіреді. Қоян біздің қолдан жасалған орманның биоценозының бір бөлігі болғандықтан, біз жас көшеттерді оларды үркітетін дәрілермен ғана өңдей аламыз. Табиғи орманда түлкілер мен басқа да жыртқыш аңдар мұндай жануарлардың санын реттейді. Ал біздің жағдайда қояндардың табиғи жауының - түлкі мен қарсақтың санын көбейту үшін уақыт қажет, - дейді Ардақ Хасенов. 

Жасыл белдеу фаунасының түрлік құрамын арттыру үшін 2010 жылдан 2018 жылға дейін қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы "Астана Орманы" ЖШС-мен бірлесіп, қырғауылдарды өсірумен (интродукциямен) айналысқан. Ол үшін 125 қырғауыл сатып алынды. 8 жыл ішінде, яғни 2010 жылдан 2018 жылға дейін бұл құстардың 9 823-і табиғатқа жіберілді. Қазір еркін құстар көбіне жасыл белдеуде немесе жидекті бұталардың қопаларында өмір сүреді. 

Босатылған барлық құс аязға төзімді. Түнде олар қарды ықтап, ерекше қамқорлықты қажет етпейді. Қыста кейде ғана жемдеуді қажет етеді. Шығарылған құстардың бір бөлігі қоныс аударды. "Астана Орманы" ЖШС-де маусымдық жұмыс істейтін ауыл тұрғындарының айтуынша, олар Целиноград және Қорғалжын аудандарының елді мекендерінде байқалған, - деп түсіндірді "Астана Орманының" бас агрономы. 

Еркін қырғауылдар үнемі бақылауда. Қазіргі уақытта жетісу қырғауылын өсіруді бастау жоспарлануда. Бұл үшін былтыр биологиялық негіздеме жасалды. Биыл қырғауылдарды қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Қырғауыл жәндіктермен күресудегі проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ жасыл белдеуді табиғи орман жағдайына барынша жақындатуға көмектеседі. 

Айта кету керек, қазіргі уақытта жасыл белдеудің жалпы ауданы 14 827 га құрайды. Онда 10,2 млн-нан астам ағаш пен 8-24 жастан аспайтын 1,8 млн-ға жуық бұта өседі. Жасыл белдеуде қала тұрғындары мен қонақтары табиғаттан ләззат алып қана қоймай, жайлы демалыс өткізе алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы