Елордада жаңа бас санитарлық дәрігер тағайындалды
Нұр-сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып Сархат Бейсенова тағайындалды.
Бұл ақпаратты ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті растады.
Бұрын осы қызметті атқарған Жанна Пірәлиева басшының эпидемиологиялық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқаратын болады.
Сархат Сағынтайқызы Бейсенова 1972 жылы 29 қыркүйекте дүниеге келген.
1996 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын гигиенист-эпидемиолог дәрігер мамандығы бойынша бітірді.
2015 жылы Тұран – Астана университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Ақмола қаласының санитарлық-эпидемиологиялық станциясының эпидемиологы болып бастады.
1998-1999 жылдары-облыстық ішкі істер басқармасында санитарлық дәрігер.
1999-2003 жылдары-Астана қаласының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі.
2003-2007 жылдары-Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы.;
2007-2009 жылдары-Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары.;
2009-2011 жылдары-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары.;
2011-2014 жылдары-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің директоры.;
2014 жылдан 2015 жылға дейін - Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы,
2015 жылдан 2017 жылға дейін - Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары,
2015 жылдан 2019 жылға дейін денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары;
2019 жылдан бастап денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Нұр-сұлтан қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары.