Елорданың үздік отбасылары анықталды

Астанада жас отбасылар арасындағы «Үздік жас отбасы» байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оған қатысуға 50-ден астам отбасыдан өтінім түскен. Байқау шартына сәйкес олардың ішінен 10 отбасы іріктеліп алынды. Солардың бірі – астаналық Тырнақановтар отбасы.

Бұл байқаудың көпке тигізер пайдасы мол. Әр отбасы қазақтың салт-дәстүрін ұстанып, балаларына көрсетіп отырғаны жөн. Сол арқылы саналы ұрпақ тәрбиелейді. Бұл отбасындағы құндылықтарды көпшілікке көрсетуді, ерлі-зайыптылардың бір-бірінің сыйластығы, махаббатының беріктігін көрсететін байқау деп ойлаймын. Мақсатымыз – көпшілікке өзімізді ең өнегелі әрі үлгілі отбасы екенімізді көрсету, - деді қатысушы Нұргүл Тырнақан.

Ал әділ қазылар алқасы қатысушыларды тыңдап, әділ бағасын береді. Оның құрамында «Бәйтерек» тобының әншісі Ерлан Малаев, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Ырза Тұрсынзада, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры Гүлнар Кулушева және т.б. бар.

Қазылар алқасы қатыушыларды 3 байқаудың қорытындысы бойынша анықтайды. Бірінші тапсырма – таныстыру бойынша бейнеролик көрсетіледі. «талантты отбасы» атты екінші кезеңде қатысушылар өнерін көрсетеді. Ал соңғы «Сөз тап» ойынында ер-зайыптылардың бірі сөзді қимылмен көрсетсе, екіншісі жасырынған сөзді табуы керек.

Іс-шара барысында қазылар алқасы үздіктерді анықтады. Олар:
• 1-орын (500 000 теңге) – Сәдуақас отбасы,
• 2-орын (350 000 теңге) – Садықовтар,
• 3-орын (250 000 теңге) – Кожахметовтер.

Сол сияқты 7 үздік отбасыға 100 000 теңгеден табысталды. Олар: Нұрымбет, Арушаевтар, Исабай, Мерземхан, Есенжолов, Құлшар, Даулетовтер отбасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы