Елорданың су айдындарында рейд жүргізілді

Елорда су айдындарында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Департамент қызметкерлері шомылауға тыйым салынған учаскелерде рейд жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Рейд барысында 60 адамға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді, 20 адамға ескерту жасалып, 47 бала қалалық полиция басқармасына жеткізіліп, 15 ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылды, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Шомылу маусымының басынан бастап тек Астана қаласында 103 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы