25 Қыркүйек 2024 2024, 17:31 Фото: Елорда әкімдігі

Елорданың сол жағалауындағы көпірдің қиылысы уақытша жабылады

Астанада Сығанақ көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысындағы көпірдің жаяу жүргіншілер жолағындағы плиталарды алу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада Сығанақ көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысындағы көпірдің жаяу жүргіншілер жолағындағы плиталарды алу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соған байланысты аталған орында көлік қозғалысы уақытша жабылады.

Осыған байланысты, 26 қыркүйекте сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін және 27 қыркүйегінде сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін жоғарыда аталған қиылыс толығымен жабылады, - деді Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы .