Елорданың сол жағалауында бірнеше үй жарықсыз қалды: қазіргі сәтте не белгілі
Астана қаласының әкімдігі "Астана-РЭК" АҚ-ның жедел қызмет бригадалары РП-217 нысанындағы электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмысын жалғастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі уақытта мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:
15:15-де бес трансформаторлық қосалқы станцияға электр қуаты берілді, нәтижесінде бес тұрғын үй кешенінің жарығы қалпына келтірілді.
16:50-де қосалқы станциялардың біріне дизель генераторлық қондырғы (ДГҚ) қосылды
Тағы төрт трансформаторлық қосалқы станцияға ДГҚ қосу жұмысы жалғасып жатыр. Қалған көпқабатты үйлерге де жарық беру бойынша қалпына келтіру шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Айта кетейік, 22 қарашада «Тұран» қосалқы станциясында технологиялық ақау болған. Салдарынан бірнеше тұрғын үй кешендері: «Зеленый квартал», «Аура», «Асыл Мұра», «Freedom», «GreenLine. Headliner Exclusive 1», «GreenLine Astra» және «GreenLine. Flora» жарықсыз қалған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада студенттер арасында стритбол турнирі өтті
Келесі жаңалық
Тоқаев Таиланд халқын Ұлттық мерекесімен құттықтады
Өзгелердің жаңалығы