Елорданың штаттан тыс бас фтизиатры өмірден озды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан медицинасының белді маманы, үздік дәрігер Роза Жапарқызы Жүсіпова өмірден озды. Бұл туралы «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасы Камалжан Надыров әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бүгін біз тамаша әріптесіміз Роза Жапарқызын жоғалтып алдық. Ол кәсіби маман, жанашыр, тамаша адам еді. Роза Жапарқызы өмірін дәрігерлікке арнады, елде, астанада фтизиатрияның дамуына үлкен үлес қосты. Ол дәрігерлердің тұтас бір буынын дайындады. Оның бастамасы мен табандылығының арқасында елордада қазіргі заманғы Фтизиопульмонология орталығы салынды және жұмыс істейді, бұл қазіргі қиын уақытта мыңдаған адамның өмірін сақтап қалады. Соңғы уақытқа дейін ол астананың штаттан тыс бас фтизиатры болып жұмыс істеді. Ол мыңдаған науқастардың өмірін сақтап қалды, бірақ, өкінішке қарай, ол өзін құтқара алмады, - деп жазды Камалжан Надыров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы