Елорданың қысқы көрінісінен фоторепортаж

Астанадағы ең ұзақ мезгіл – ол қыс. Шамамен 5-6 айға созылатын елорданың қысы аяз, қары қалың, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тіпті ауа райы бір күнде бірнеше рет құбылып, өзгеруі мүмкін. Елордалықтар жаңа 2023 жыл басталғалы қалың түскен қарды тазалаумен әлек болып жүр. Себебі 6 қаңтарға қараған түні жауған қардың биіктігінің өзі 39 см болды.

Астанада 2023 жылдың алғашқы күндері қалың қармен басталды. 

Десе де әр мезгілдің өз өзгешелігі болады. Балалар қысты ерекше күтеді. Себебі қыстың қызығы қар жауғанда басталады. Балалар мұз айдындарында сырғанып, аққала жасайды, шана тебеді.

«Қазгидромет» деректері бойынша 5 қаңтардан 6 қаңтарға қараған түні жауған қар мөлшері 5,2 мм. Бұл алғашқы күннен 6 есе көп. 

Осы себептен қазір қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Астана әкімдігі де хабарлады.

5 қаңтардан 6 қаңтарға қараған түні қаладан полигондарға 53 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл – 3 661 жүк көлігіне тең.

Бүгінде елорда бойынша қар күреу жұмысымен 2 мыңнан астам жұмысшы мен 1 300-ден астам арнайы техника айналысып жатыр.

Ең алдымен, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы тығыз аймақтар тазартылады. 

 

Содан кейін алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.

2023 жылғы 6 қаңтарға қараған түні жауған қардың биіктігі – 39 см.

Қыс мезгілінің басынан бері коммуналдық қызметтер қаладан 1,4 млн текше метрден астам қар шығарды. Бұл 113 мыңнан астам жүк көлігіне тең. 

Қазіргі күні қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Ал кешкі және түнгі уақыттарда олардың жұмысы одан сайын күшейеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы