Елорданың қоғамдық тамақтану орындарында өрт қауіпсіздігі тексерілді

Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы 27 желтоқсаннан бастап аудандық әкімдіктермен және елордалық Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, қоғамдық тамақтану орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша көшпелі түсіндіру іс-шараларын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұндай нысандарда өрттің жиі шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болады. Бұл ғимарат қасбеттерінің жануына әкеліп, адамдардың өмірі мен мүлкіне қауіп төндіреді.

Мамандар мекеме басшылары мен қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын, электр желілері мен жабдықтарды пайдалану тәртібін, сондай-ақ жарамды өрт сөндіру құралдарының міндетті түрде болуы қажеттігін түсіндіруде.

Мереке күндері қарсаңында пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану бойынша қосымша түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Азаматтарға пиротехниканы ғимараттардың маңында қолдануға болмайтыны және белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі еске салынуда.

Бұл шаралар өрттің алдын алуға, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы