Елорданың ПД қызметкерлері халық алғысына ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданы бойынша «Лея» тұрғын үйін қызметпен қамтамасыз ететін «Лея и К» ЖШС сервистік компаниясы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бірқатар полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, құқықтық тәртіпті күзетуді ұйымдастырудағы жеке құрамның жоғарғы сапалы және кәсіби дәрежедегі қызметіне алғыс айта отырып, Нұр-Сұлтан қаласының ПД Сарыарқа ауданы ПБ №61 учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруда жауапты учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Аян Бирликбаевич Кулниязовқа алғыс хат табысталды. Сонымен қатар құқықтық тәртіпті күзетуге белсенді қатысқандығы, әлеуметтік мәселелерді шешуде көмек көрсетіп, халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсететіні үшін Нұр-Сұлтан қаласының ПД Сарыарқа ауданы ПБ №61 учаскелік полиция пунктінің УПИ полиция капитаны Рустем Бекболатович Куланбаевқа алғыс хат табысталды. «Лея» тұрғын үй кешенінің тұрғындарына, оның ішінде қарт кісілерге кәсіби көмекті әрқашан уақытылы көрсететіні, адамгершілігі, әділеттігі үшін, сонымен қатар тұрғын үйдің күнделікті тіршілігіне белсенді қатысатыны үшін Нұр-Сұлтан қаласының ПД Сарыарқа ауданы ПБ №61 учаскелік полиция пунктінің УПИ полиция аға лейтенанты Еркебулан Нурлыбекович Мамаевқа да алғыс хат табысталды. 

Сонымен қатар «Лея» ЖШС директоры Ж.Калышева ішкі істер қызметкерлеріне мықты денсаулық, қызметтеріне сәттілік және алға қойған мақсаттардың орындалуын тілей отырып ізгі ниетін білдірді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы