Елорданың іргесіндегі ауылдарға қашан газ тартылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Энергетика министрлігі Газ және мұнай-газ химиясы департаментінің директоры Зияш Қияқбаев жауап берді.
Оның айтуынша, өткен жылдың соңында «Сарыарқа» магистралінің құрылысы аяқталды. Бастауын Қызылорда облысынан алатын құбыр Қарағанды, Ақмола облыстарының аумағынан өтіп, ел астанасын газбен қамтамасыз етуге қауқарлы.
Бұл магистральдің арқасында елдің орталық және солтүстік өңірлерін газификациялау мүмкіндігі туды. Қазіргі күні бұл аймақтардың әкімдіктері оған қажетті құжаттарды даярлауда. Ал Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы ауылдар туралы айтар болсақ, келесі жылдың соңына дейін газдандырудың бірінші кезеңін толықтай аяқтаймыз деген жоспар бар. Бірінші кезеңге Ақмола облысының Аршалы және Целиноград аудандарының 20 елді мекені кіріп, қажетті жобалық-сметалық құжаттары даярланды. Ол қаржыландырылып, іске асуда. Шамамен 2021-2022 жылдары жұмыс аяқталуы тиіс. Қояндыға қатысты айтар болсақ, жергілікті әкімдік құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігерді анықтауға байқау өткізуде, - деді ол.
Сондай-ақ ол газдандырудың екінші кезеңіне қатыстан елді мекендерге газ тартудың кестесі мен тізімі алдағы сәуір айында бекітілетінін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Сайлау әділетті өте ме?» деп онлайн-сауалнама ұйымдастыратындардың жағдайы қиындамақ
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы