Елорданың ең белсенді әкелері марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында «Әке – шаңырақтың тірегі» атты марапаттау рәсімі өтті. Онда қаланың ең белсенді әкелері атап өтілді. 

Іс-шара халықаралық Отбасы күніне орайластырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық әкелер кеңесі 2019 жылдың қыркүйек айында Білім басқармасының қолдауымен құрылған болатын. Жобаның мақсаты – әкенің қоғамдағы рөлін арттыру мен білім беру ұйымдарының белсенді әкелерін әлеуметтік маңызды іс-шараларға тарту.

Марапаттау рәсімі екі бөлімнен тұрады. «Белсенді әкелер» номинациясында «Елорда әкелер кеңесінің» мүшелері Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды. «Тәуелсіздік құрдастары» номинациясы бойынша «Ел тағдыры – ер тағдыры» video-stories жобасының қатысушылары М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының дипломдарымен марапатталды.


Жоғарыда аталған іс-шаралардың нәтижесі ретінде 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Елордалық әкелер кеңесінің мүшелері мадақтау грамотасымен аталып өтті. Марапаттау рәсімінің бағдарламасында әкелер кеңесінің мүшелері, «Рахмет саған, туған ел» әкелер мен ер балалар арасындағы қалалық патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары «Astana English School» №81 гимназиясының вокалдық тобы, №59 мектеп-лицейінің оқушысы Хамзин Адиль және М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының «Эдельвейс» би студиясы мен тәрбиеленушілерден құралған Панковтар отбасы өнер көрсетті.

Іс-шарасанитарлық нормаларды толықтай сақтай отырып өтті.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы