Елорданың екі ауданында су уақытша өшіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана су арнасы» сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы іс-шаралар өткізілетіні туралы мәлім етті. 

Осыған байланысты Есіл және Алматы аудандарында су уақытша өшіріледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Коммуналдық кәсіпорын мына тұстарда жұмыс жүргізеді: Б.Момышұлы даңғылы мен Төлебаев көшесінің қиылысында жаңа магистралды су құбырын салу; Б.Момышұлы даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында қысым реттегішті бөлшектеу; Б.Момышұлы даңғылы, 1 ауданындағы шығын өлшегішті ауыстыру.

21 мамыр күні сағат 22:00-ден 22 мамыр 09:00-ге дейін Есіл ауданында: Мәңгілік Ел даңғылы, Nova city ауданы, Заречный, Тельмано, Пригородный аудандары, BI Village/Family Village, Қабанбай батыр даңғылы, сондай-ақ Алматы ауданы бойынша: Мыңжылдық аллеясы ауданы, Оңтүстік-Шығыс ауданы, Қалдаяқов-Тәуелсіздік-Панфилов-Аманжолов көшелері аумағында ауыз су беру тоқтатылады. 22 мамырда сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жоғарыда аталған аудандар су құбыры желілерін іске қосу жұмысы жүргізіледі, - деп хабарлады «Астана су арнасы».

Бұл жұмыстар сумен жабдықтау желілерінің сапасы мен сенімділігін жақсарту үшін қажет. Қала тұрғындары мен қонақтарына уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытып, алдын ала қажетті көлемде ауыз су қорын дайындауды сұрайды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы