Елорданың бір ауданы жарықсыз қалды

Астананың Байқоңыр ауданы жарықсыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Астана-РЭК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Дегенмен жарық ауданның барлық бөлігінде емес ішінара сөнген. Атап айтқанда Уәлиханов көшесі бойы, "Астаналық" базары маңы, сондай-ақ Республика даңғылының бір бөлігі өшірілген.

Астананың 110/10кВ қосалқы станциясында жарық өшірілді. Ол Ақмола электржелісін тарату компаниясының балансында.  Компания қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы