Елорданың бір ауданы жарықсыз қалды
Астананың Байқоңыр ауданы жарықсыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Астана-РЭК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дегенмен жарық ауданның барлық бөлігінде емес ішінара сөнген. Атап айтқанда Уәлиханов көшесі бойы, "Астаналық" базары маңы, сондай-ақ Республика даңғылының бір бөлігі өшірілген.
Астананың 110/10кВ қосалқы станциясында жарық өшірілді. Ол Ақмола электржелісін тарату компаниясының балансында. Компания қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы