Елорданың базарлары таңғы сағат 9-дан бастап жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес қаладағы жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының жұмыс кестесі өзгертілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жаңа қаулыға сәйкес жабық азық-түлік базарлары жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Бұл ретте толтырылу бір келушіге 4 м2 есебі бойынша толымдылығы 30%-дан аспауы тиіс, сондай-ақ күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау қажет.
Жабық азық-түлік емес базарлардың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, бір келушіге 4 м2 есебі бойынша толымдылығы 30%-дан аспайтын тәртіпті сақтай отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және сенбі күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Ал жексенбі күндері жұмыс істеуіне болмайды. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сауда залында сатып алушылардың болуына тыйым салынады, - делінген санитарлық дәрігердің қаулысында.
Айта кетейік, тұрғындар санитарлық талаптар мен нормаларды қатаң сақтауы керек. Маска режимі, әлеуметтік қашықтық міндетті түрде сақталуы тиіс.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде 30 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы