Елорданың Бас санитарлық дәрігері карантиндік шектеулер туралы қаулыға өзгерістер енгізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Бас санитар дәрігерінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 1 қаулысының күші жойылды, деп хабарлайды Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
Жаңа қаулыда қала тұрғындары мен қонақтары мынадай талаптарды қатаң сақтауы керек екені айтылған:
- «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарына кіру үшін «Ashyq» мобильдік қосымшасын қолдану;
- қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ ашық ауадағы қоғамдық орындарда бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы №36, №38 №42 № 43, № 47, № 52 қаулыларының, 2022 жылғы №1, №2, №4 және №5 қаулыларының талабын орындауы қажет.
Құжатта Нұр-Сұлтан қаласының «Ashyq» жобасы арқылы жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің тізімі де берілген. Олар:
1) йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
2) спа-орталықтары;
3) моншалар, сауналар, бассейндер;
4) PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
5) боулинг клубтары;
6) кинотеатрлар;
7) театрлар мен филармониялар;
8) стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, банкет залдары;
9) асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
10) облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
11) облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
12) бильярд клубтары;
13) концерт залдары;
14) ерікті қатысушылар;
15) караоке;
16) көрмелер;
17) океанариум;
18) марафондар;
19) көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
20) лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
21) әуежайлар;
22) балалардың ойын-сауық орталықтары (жабық);
23) цирктер;
24) отельдер, қонақ үйлер;
25) халыққа қызмет көрсету орталықтары;
26) темір жол және автовокзалдар;
27) базарлар (жабық), сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, (азық- түлік емес) сауда желілері;
28) сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын (азық-түлік) сауда желілері;
29) балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін);
30) букмекерлік конторалар;
31) сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
32) барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен 12 жастан бастап балаларда QR-кодты сканерлеп, ерікті түрде тіркеле отырып));
33) спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;
34) білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін);
35) діни объектілер;
36) ойын клубтары (казино);
37) түнгі клубтар;
38) банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері.