Елорданың ауруханаларына жоғары технологиялық жабдықтар жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жаңа медициналық жабдықтардың екі данасы жеткізілді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Стационарға кішкентай науқастарды диагностикалау үшін КТ (компьютерлік томография) және МРТ (магниттік-резонанстық томография) жаңа аппараттары жеткізілді.
2010 жылы ашылған ауруханада бұған дейін мұндай құрылғылардың тек бір данасы болған. Алайда, балалар санының өсуін ескере отырып, қалада жоғары сапалы жабдықтарға деген қажеттілік үнемі бар. Қалалық медициналық ұйымдар халыққа сапалы медициналық көмек көрсету бойынша барлық талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Айтпақшы, жаңа МРТ аппаратының артықшылығы үстелге рұқсат етілген ең көп күш: қолмен орналастыру үшін 225 кг-ға дейін, автоматты түрде – 180 кг. Құрылғы 400 000-ға дейін сурет жасайды. Түрлі-түсті дисплейі бар, бұл суретті анық және жарқын көруге мүмкіндік береді.
Компьютерлік томография аппараты онкологиялық ауруларды, кардиология, неврология, травматология және ортопедия салаларын, сондай-ақ баланың бүкіл денесін диагностикалық зерттеуді қоса есептегенде өзге де ауруларды тексеру үшін қолданылатын болады.
Жалпы, қалалық медициналық орталықтарды жабдықтау үшін тағы бес КТ аппаратын сатып алу жоспарланып отыр. Өткен жылы елордалық ауруханалар мен емханалар үшін 300-ге жуық түрлі жабдық сатып алынды.