Елорданың атауы өзгере ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Конституциялық кеңестің аппарат басшысы, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар дайындау бойынша жұмыс тобының мүшесі Бақыт Нұрмұханов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Брифингте еліміз бен елорданың атауын өзгерту туралы сұрақ қойылды. 

Қаланың атауын өзгерту туралы мәселе жұмыс тобында қаралған жоқ. Елорданың атауы 2019 жылы өзгертілген болатын. Сіз тек елорданың ғана емес, мемлекеттік атауын да өзгертуді ұсынып отырсыз. Мұндай ұсыныстар жан-жақты талқылауды талап етеді. Қазақ республикасы деп атау біздің елдегі 17 дін конфессиясы, 100-ден артық ұлт, олардың өкілдерімен де пікірлесе отырып, ірлесе шешілетін мәселе. Қазақ халқы этностың тұрғыдан қарағанда басым өкілдер, алайда басқа ұлт өкілдерінің пікірі де аса маңызды, - деді ол. 

Нұрмұханов атағандай, мұндай радикалды шешімдер арқылы елімізде қалыптасқан қоғамдық келісімді бұзып алуға болмайды. 

Сондықтан бұл мәселелер алдағы күн тәртібіндегі мәселелер деп білемін, - деді ол.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы