Елорданы газдандыру: 800 үй техникалық шарттарға сәйкестік құжатына қол жеткізді

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында газдандыру жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын айтты.

Қаланы газдандыру 3 кезеңнен тұрады. Қазір Көктал-2 елді-мекені тұрғындарының үйлерін көгілдір отынға қосу және жұмыстарды қабылдау жүріп жатыр. Бұған дейін осы елді-мекенде ішкі желілерге газ берілді. Сонымен бірге, газ Железнодорожный елді-мекеніне де беріліп, қараша айында орталықтандырылған газбен жабдықталды. Жалпы, қала ішіне 300 шақырымнан астам газ құбырлары тартылды, - деді әкім.

Оның айтуынша 800 үй техникалық шарттарға сәйкестік құжатына қол жеткізіп, 5 мыңнан астам адам фронт-офистерде кеңес алды. Тұрғындарға ақысыз берілетін есептегіштер қарастырылған.

Елорданы газдандыру - Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи жобасы. Қаланы газдандыру процесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. Елорданы газдандыру зиянды қалдықтарды төмендетуге мүмкіндік береді. Қаланың экологиясы жақсарады, ал бұл - тұрғындардың денсаулығына жағымды әсер етеді, - деп жазды Алтай Көлгінов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы