Елорданы су басу қаупі жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспар бойынша жүріп жатыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті.

Бүгінгі күні Астана су қоймасынан су шығыны секундына 13,89 текше метр, толымдылығы – 233,71 млн. текше метр, жобалық қуаты 56,78% құрайды.

ТЖД қызметкерлері, Есіл бассейндік инспекциясы және Казводхоз қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы 11 наурыз күні «Астананы Есіл өзені тасқын суларынан қорғау» (су реттегіші) объекттісін аралап көрді.

Нысанның барлық қақпақтары және электромеханикалық жабдықтары жақсы күйде, бәрі істеп тұр, объект тасқын суларды өткізу дайын. Майбалық көлінен «Нұра – Есіл» каналына («Астана-Тазалық» ЖШС) дейінгі қолданыстағы каналды тазалау аяқталды.

Көктемгі су көлемін анықтау үшін 26 және 28 наурыз күндері Мойылды өзені мен Есіл өзенінің жоғарғы жағы қайта зерттелді. Зерттеу нәтижесі бойынша көктемгі су көлемі қанша екендігі туралы ақпарат 1 сәуір күні белгілі болады.

25 наурыздағы мәліметтер бойынша, су бастауындағы судың көлемі Астана су қоймасына дейін 276 млн текше метр құрайды (2018 жылы – 192 млн текше метр). «Астана су қоймасының 2018 жылдың наурызы мен 2019 жылдың сәуірі аралығындағы жұмыс жоспарына» сәйкес реттегіш және бақылағыштың қауіпсіз жұмыс істеуі үшін, Астана су қоймасы көктемгі су тасқынының белсенді фазасы басталғанға дейін 180 млн текше метр (2018 жылдан 25%-ға артық) еркін көлемде су ағызу қамтамасыз етілген.

Есіл өзенінен Астана су қоймасына дейін жинақталған су көлемінің шамадан асып кетуіне қарамастан (2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша) 2017 жылмен салыстырғанда, Астана су қоймасының бос көлемі 178 млн текше метр мөлшерінде және реттегіш 357 млн текше метр мөлшерінде.

«Қазгидрометтің» ақпаратына сай қаланы су басу қауіпі өте төмен. Астана су қоймасы бассейнінде су қорының азаюына байланысты 373-тен 276 млн текше метрге дейін («Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сәйкес), «Есіл бассейндік инспекциясы» РММ «Қазсушар» РМК-ге Астана су қоймасы және «Астана қаласын Есіл өзені тасқын суы басуынан қорғау» объектісін суды босату режимінен, жинақтауға ауыстыруды ұсынады.

Көктемгі су тасқыны шарасына дайындық кезенінің басты шарты қар шығару. Қазіргі күні қаладан 2 млн 978 мың 233 текше метр қар шығарылған (27 наурыз күні – 3 075 текше метр).  Әлеуметтік маңызы бар объектілер - медициналық мекемелер, балабақшалар, мектептер, жоғары оқу орындарының, сондай-ақ құрылыс алаңдарына басымдық беріледі.

Қар мол жинақталған тұрғын үй массивтеріне және жеке секторға ерекше назар аударылды. 2019 жылдың басынан бастап табиғатты қорғау полиция инспекторлары қала аумағындағы қарды, мұзды және қоқысты уақтылы және сапасыз тазартқаны үшін, 42 мердігерлік ұйым, 33 құрылыс компаниясын, 88 ПИК-ті әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Салынған айыппұлдың жалпы көлемі 7 млн 291 мың 250 теңге.

Бұдан басқа, қарды белгіленбеген орындарға төккен жүк автомашиналарының жүргізушілерін анықтау және ұстау бойынша жұмыс жүргізілуде, 45 көлік жүргізушіге 1,2 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Нөсерлі кәріз желілері аудан әкімдерінің балансында, пайдаланушы ұйым «Астана Тазалық» ЖШС. 11 ақпаннан бастап арық желілерін тазалау бойынша жұмыстар жүргізілуде, бүгінгі күні 48330 метр тазартылды.

ТЖД қызметкерлері қала көшелерінен еріген қар суын сорып алуды жүргізіп жатыр. 14 наурыздан бастап осы күнге дейін 7 арнайы техника, 29 адам жұмылдырылған. 18 010 текшеметр су сорылған.

27 наурыз күні Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылынан еріген қар суын сорып алуға екі арнайы техника мен алты адам жұмылдырылған, 11 800 текше метр су сорылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы