Елорданың сауда орталықтары мен ХҚКО-да дезинфекция жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда нысандары мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары дезинфекция жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. 

Қазіргі уақытта қалада шамамен 6,900 нысан бар, олардың барлығы дерлік дезинфекцияланды. Өңдеу тұзды ерітіндімен жүргізіледі. Кәсіпкерлер нысандарды өз қаражатына өңдейді, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы. 

Жақында залалсыздандыру келесі нысандарда жүргізілді: "Тұлпар" сауда кешені, Орталық базар, "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығы, "Ақ Бота" сауда орталығы, "Орбита" сауда үйі, "КенМарт", Asia Park, "Аружан" сауда-ойын-сауық орталықтары, "SMALL" сауда желілері, "Ailand Astana" ОДО, "Встреча" сауда үйі, Magnum (Тұран даңғылы 55), "Шарын" базары, "Sine Tempore" сауда үйі, "Рахмет" сауда үйі, "Абу-Даби Плаза", сондай-ақ авто-ХҚКО-ларды қосқанда, барлық қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтары. 

Халыққа қызмет көрсететін барлық мекемелер, атап айтқанда, ХҚКО, банктер, қызмет көрсету орталықтары әлеуметтік қашықтық белгілерін орнатуда. 

Сондай-ақ, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал мәселелері жөніндегі кеңесте Қазақстанда карантинді тағы екі аптаға ұзартуды тапсырды. 

Шілде айында енгізілген шектеу шараларының оң әсерін одан әрі арттыру мақсатында, сондай-ақ, Қазақстандағы және шекаралас мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсу ықтималдығын ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырды, - делінген Ақорда хабарламасында. 

Осыдан кейін карантин режимін кезең-кезеңімен жеңілдету күтілуде. Сонымен қатар, міндетті түрде маска тағу, әлеуметтік қашықтық сақтау және гигиена талаптары сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы