9 Желтоқсан 2019 2019, 20:46
Елорданың әр ауданында мұз қалашықтары мен айдындары салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың барлық 4 ауданында мұз қалашықтары мен мұз айдындары салынатын болады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың барлық 4 ауданында мұз қалашықтары мен мұз айдындары салынатын болады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Осылайша, Байқоңыр ауданында мұз қалашықтары мен балақайларға арналған сырғанақтар "Жастар сарайы" маңында, "Ататүрік" саябағында, Өндіріс тұрғын алабына, сондай-ақ Жолымбет пен А. Чехоев көшелерінің қиылысына орналасады.Есіл ауданының тұрғындарына EXPO, Ботаникалық саябақ, "Хан Шатыр", "Керуен" сауда ойын сауық орталықтары аумағына, "Жетісу" саябағында, "Жағалау" шағын ауданында, Жасыл орамда, сондай-ақ, Үркер мен Пригородный тұрғын алабында салынбақ.
Ал Сарыарқа ауданы үшін Есіл өзені аумағында, "Астана" спорт кешенінің жанына, Қосшығұлұлы, 17 мекенжайына, "Тамыз" тұрғын үй кешенінің жанына, "Наз" театрының маңайына, Оқжетпес пен Герцен көшелерінің қиылысына, Гете 10 және 187-ші көшелерге салынады.
Алматы ауданында жұртшылыққа арналған сырғанақтар мен мұз айдындар "Қазақ елі" монументінің алаңына, "Жерұйық" саябағына, Ақбұлақ өзенінің айналасына, "Жастар" саябағына, Оқушылар сарайының алдына, Президент саябағына, "Ренессанс" мейрамханасының жанына, Триатлон-паркінде, Жүргенов көшесіндегі Сарайшық шағын ауданында, сонымен қатар Теміржолшылар, Интернациональный, Мичурино тұрғын үй алаптарында орнатылады.
- Олимпиада-2026: Аяна Жолдас фристайлдан 21-орынға тұрақтады 20:37
- Инфляцияны тежеу үшін ішкі нарық отандық өніммен қамтылады 20:20
- Балаева: Референдум – формалды процедура емес, ол – халықтың тікелей қатысуының ең тиімді тетігі 20:02
- Тоқаев креативті индустрияға қатысты түзетулерді бекітті 19:44
- Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен 90 журналист арнайы жобаға қатысты 19:21
- Отардағы сарбаз ісі: Сержант үндеу жариялады 19:01
- Бал экспорты рекорд жаңартты: 1 477 тонна шетелге жөнелтілді 18:46