Елорданың кей көшелерінде қозғалыс уақытша шектеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрғиса Тілендиев даңғылы уақытша жабылады, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты. 

"Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданы Н.Тлендиев данғылында орналасқан Экатеринбург-Алмата жол айрығында (көпірінде) жол жасау жұмыстарының жүруіне байланысты көпір арқылы өту 2019 жылдың 1 тамызымен 1 қыркүйегі аралығында уақытша  жабылады. Уақытша келтірілген қолайсыздық үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі кешірім сұрай отырып, барлық көлік жүргізушілерінен қозғалыс бағдарын алдын ала жоспарлауды өтінеді", - делінген таратылған ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы