Елорданы газбен қамтамасыз ету қашан аяқталады?

Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Астана қаласының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, газдың бағасы қымбат болғандықтан елордалықтар әлі көмір жағуға мәжбүр. 

Газбен қамтылған аудандардағы халық жылыту үшін қатты отын пайдалануын жалғастырып отыр. Бұл ауаның ластануына алып келеді. Оған себеп – көгілдір отынды қосу бағасының қымбаттығы. Айта кетсек, ол 700-900 мың теңгеге тең. Сондықтан министрлік әкімдікті Қазтрансгазбен бірге қазіргі баға саясатын қайта қарап, әлеуметтік осал топқа көмек көрсетуді сұрап отыр, - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ министр елорданың экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған Жол картасы бірнеше саланы қамтиды.

Атап айтқанда, карта көмір ЖЭО қалдықтарын, жеке үйлер мен автокөліктің қалдықтарын төмендетуге, көгалдандыруға бағытталған. Барлығы 13 іс-шара қарастырылып, оның 8-і орындалды. ЖЭО газдандыру бөлігінде ЖЭО-1 және ЖЭО-2 газ құбырларының құрылысы аяқталды. 2021 жылы астананы газдандырудың 1-ші және жартылай 2-ші кезегінің құрылысы өз мәресіне жетті. 14 мың абонент немесе 200 мыңдай адам табиғи газбен қамтылған. Ал газға 6,7 мың абонент қосылды. 13 автономдық қазандықтар газбен жұмыс істеп тұр. Газдандырудың 2-ші және 3-ші кезектерін 2025 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр, - деп атап өтті Серікқали Брекешев. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы