Елорданың Байқоңыр ауданына жаңа әкім тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Нұрбол Нұрсағатов Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады елорда әкімдігінің сайты. 

38 жастағы Нұрбол Нұрсағатов меритократия қағидасына сәйкес жетекші маманнан бастап, комитет төрағасының орынбасары, басқарма басшысы лауазымына дейінгі жолдарды өткен тәжірибелі маман, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ауданның бұған дейінгі әкімі параға айфон алды деп ұсталып, қазір сот шешімін күтіп отыр. 

Жаңа әкімнің қызмет жолы:

2004-2005 жылдары Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс комитетінде жетекші маман, бас маман болып бастаған. 
2005-2008 жылдары қала әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында бас маман, бөлім басшысы, директор орынбасары болған. 
2008-2011 жылдары Астана қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары; 
2011-2012 жылдары ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары Комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған. 
2014-2019 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Көлік және автомобиль жолдары басқармасына, Алматы қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасына және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау басқармасына басшылық жасады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы