Елорданың барлық мектебінде ата-аналар жиналысы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 мамырда мектеп директорлары есеп беру кездесулерін өткізеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«Құрметті ата-аналар!15 мамырда сағат 18:30-да Нұр-Сұлтан қаласының мектептерінде ата-аналар жиналысы өткізіледі. Іс-шара аясында мектеп басшыларының ата-аналар қауымдастығы алдында есеп беруі ұйымдастырылады. Мектепке келіп, мектептің әкімшілігімен кездесіп, қызықтырған сұрақтарыңызды қоя аласыз», – деп жазды Facebook парақшасында қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жангозин.

Ата-аналар жаңа форматтағы ҰБТ туралы ақпарат алып, балалардың тамақтануы, жаз мезгіліндегі қауіпсіздік, сондай-ақ бюджет қаражатын мақсатты жұмсау туралы есепті тыңдай алады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы