Елорданың қай аудандары газға қосылатыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов газтарату желілерінің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайтында.

"Қаланы газдандыру үш кезеңнен тұрады. Қазіргі таңда бірінші кезек бойынша құбырларды тарту мен газреттегіш пункттерінің дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның бірінші кезегінде газреттегіш желілерінде ЖЭО-1,2,3, «Көктал-1,2» т/а, Агрогородок, Железнодорожный кенті, Оңтүстік-Шығысқа (оң және сол) дейін газ беру жоспарланып отыр. Үйлердің саны 13,5 мыңды құрайды", - делінген хабарламада.

Келесі кезең бойынша Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ПК), Тельман (3-ші ПК), Пригородный, Garden Village және Family Village-ге (4-ПК) газ жүргізіледі. Үшінші кезекте Ильинка (1-2-ПК), Шұбар (3- ПК), Өндіріс (4- ПК) тұрғын алаптары газдандырылатын болады.

Газ жүргізу – қалаға зиянды қалдықтардың шығарылуын 6 есеге, қатты заттектерді 40 мың тоннаға азайтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы