Төтенше жағдайлар департаменті елордалықтарға ескерту жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы аумағында 19 ақпанда түнде қар жауып, кей кезде қатты жел соғады. Күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), боран, көктайғақ болады. ТЖД елордалықтарға ауа райы туралы ақпаратты жіті қадағалап отыруын сұрайды.
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД "Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы аумағында 19 ақпанда бұлты, түнде қар, кей кезде қатты жел соғады, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), боран, көктайғақ болады. Оңтүстік-бастыстан соққан желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с. Түнде ауаның температурасы 6-8, күндіз 0-2 аяз болатынын хабарлайды, - делінген департамент хабарламасында.
Департаменттің жедел штабы құрылды, құрамына ТЖД (АҚБ, АТЖБ, ЖҚЖ, "ӨСжАҚЖҚ" ММ), қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің, аудандық әкімдік, "ҚазАвтоЖол" РМК қызметкерлері кіреді.
Жедел байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады: 24-51-71, 24-51-47, 24-52-12. Қаланың барлық бағыттарына тасжолдар жабық. Мұқият болыңыздар, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыздар, - деп ескертті Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД.Республикалық жедел штаб өкілі Нұржан Жақатевтың сөзінше, өткен тәулікте 247 адам құтқарылған. Оның ішінде 27 бала бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін Алматы қаласының әкімі халыққа есеп береді
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы