Елордалықтар инсульт қаупін анықтау үшін тегін тексерістен өтіп жатыр

Бүгін елордадағы №2 қалалық ауруханада Дүниежүзілік инсультпен күрес күні қарсаңында қала тұрғындары үшін «Инсульттің  алдын алайық» атты профилактикалық науқан өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Медициналық іс-шараның өтуіне  Ұлттық нейрохирургия орталығына қарасты Инсульт проблемалары республикалық орталығы мен №2 қалалық ауруханасы мұрындық болған. 

Акция барысында мамандар медициналық тексеру жүргізіп жатыр. Барлық ниетті жандар қан қысымын өлшетіп, холестерин мен глюкоза деңгейіне қан тапсыруда. Дәрігерлер дене салмағының индексін есептеп, болашақта инсульт қалпының ықтималдылығын есептеп береді. 

Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне орай мұндай «Ашық есік күнін» қоғам назарын осы мәселеге аударту үшін өткізудеміз. Тексерудің нәтижесіне сәйкес қауіптілік тобына жататын пациенттер тұрғылықты мекенжайы бойынша ауруханаға есепке тұруға жіберіледі. Халықтың денсаулығын сақтау үшін науқанның маңызы зор, - деп атап өтті Инсульт проблемалары республикалық орталығының директоры, нейрохирург Ержан Әділбеков. 

Айта кетерлігі, бүгін түске дейін астаналықтар аталған акцияға қатысуына мүмкіндік бар. 

Еске сала кетейік, ертең, 29 қазанда әлем елдерін Дүниежүзілік инсультпен күрес күні аталып өтіледі. Бұл күнді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2006 жылы бекіткен болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы