Елордалық ЖОО-ларға 900-ге жуық білім гранты бөлінді
Астана әкімдігі елордалық жоғары оқу орындарына 900-ге жуық білім грантын бөлді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласының жергілікті білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына жоғары оқу орындарының талапкерлерден құжаттарды қабылдау басталды.
Құжаттар 2024 жылдың 5 тамызынан 10 тамызына дейін қабылданады.
Астана әкімдігінің білім беру гранты еліміздегі сегіз жоғарғы оқу орнына өтінім беріліп қаралды.
1) «Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ;
2) «Астана халықаралық университеті» ЖШС;
3) «А. Құсайынов алтындағы Еуразия гуманитарлық институты» ЖБМ;
4) «Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы» ЖШС;
5) «Ә. Марғұлан ат. Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ;
6) «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті»;
7) «Ұлттық ғылыми онкология орталығы»КЕАҚ;
8) «Астана Медицина университеті» КЕАҚ.
Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік білім грантына құжат тапсыру кезінде университетке құжаттар тапсырылуы қажет.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидасының 3 тарауының 34-тармағына сәйкес ЖАО қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түсетін Қазақстан Республикасының азаматтарымен тиісті облыста немесе республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде 3 (үш) жыл жұмыс істеу туралы шарт жасалады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығының 4-тармағына сәйкес жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жоғары бiлiм алу үшiн бiлiм беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшiн ҰБТ тапсырған және «Педагогика ғылымдары» бiлiм беру саласы бойынша кемiнде 75 балл жинаған тұлғалар оқуға жiберiледi.