Елордалық жедел бригада қатары жас сарбаздармен толықты

Астанада 5573 әскери бөлімінде жас жауынгерлер отанға адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген тепсе темір үзер жігіттер 30 тәулік арнайы дайындықтан өткен. Енді олар бас қаламыздың тыныштығы мен көше тәртібін қамтамасыз етуге атсалысады. Ұлттық Ұлан қатарында борышын өтеуге келген жас толымды құрама командирі генерал-майор Есжанов Аян Абдуғаниұлы құттықтап, қызметтерінен бағыт -бағдар берді. Іс-шара барысында алыс-жақыннан келген қауымға болашақ срабаздардың оқу пунткінде бір ай бойы үйренген дағдылары көрсетілді. Әскери элита қатарынан көрінетін құрмет қарауыл ротасының сарбаздары карабинмен дефиле көрсетсе, енді бірі қоян-қолтық ұрыстан үйренгендерін көпшілік қауымның назарына ұсынды.

Ант қабылдау рәсімі дәл осылай өз жалғасын тапты.

Бұл күні маңызды сәтте балаларына қолдау білдіру үшін мыңнан аса туған-туыс, ата-ана жиналды.

Ант қабылдамас бұрын еліміздің алыс-жақын аймақтарынан жиналған жауынгерлер әуел баста арнайы оқу пунктінде жаттығады, әскери өмірге бейімделіп, іштегі тәртіппен танысады. Ол жерде болашақ Ұландықтар мемлекеттік-құқықтық, саптық дайындық, жалпы әскери жарғы, күн тәртібін жаттап білімдерін жетілдіреді. Сонымен қатар жауынгерлік қызметке түсу дағдыларын, ату дайындық тәсілдерін, әскери техникалар мен атыс қаруларын меңгереді.

Бүгінгі таңда 30 күндік дайындықтың нәтижесі ретінде жас сарбаздарымыздың ант қабылдау рәсімін көрсеңіздер болады. Бұл жауынгерлер Қазақстан Республикасының 22 аймағынан әскерге шақыртылған.Оқу пунктінде болашақ сарбаздарды әскери өмірдің қыр-сырын үйретеміз, алдағы уақытта қызметтеріне керегінің бәрін үйренеді. Әрбір сарбазбен жеке сұхбаттасамыз, тәртіпке, әскери өмірге дайындаймыз, - деп атап өтті - оқу пунткінің бастығының орынбасары, подполковник Қазбек Мұратаев.

Жамбыл, Алматы, Ақмола, Түркістан, ОҚО, СҚО, ШҚО облыстарынан шақырылған 700-ге жуық жас сарбаз көпшілік алдында еліне ақтық демі қалғанша абыроймен қызмет етуге серт берді. Шара шымылдығы салтанатты шеруімен жабылды. Сапқа қосылған жас сарбаздар енді өзге әскери қызметшілермен қатарласа қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы