Елордалық жасөспірім дүкеннен спорттық киім ұрлаған

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде «Алматы» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері сауда-ойын-сауық орталығында ұрлық жасады деген күдікпен 16 жастағы жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі болғандай, жас жігіт дүкенге сатып алушы ретінде кірген. Ол ұнатқан спорттық костюмді киім ауыстыратын бөлмеге алып барып, ұрлыққа қарсы магнитті шешіп тастаған. Кейін ұрланған киімді күртесінің астына тығып, байқатпай дүкеннен шығып кеткен. Осылайша дүкенге материалдық шығын келтірілді.

Қылмыс бейнебақылау камералары арқылы ашылды. Заң бұзушы өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Ұсталған жасөспірім ата-анасының қолына тапсырылды, - деп хабарлайды Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы