Елордалық жас қыз 12-қабаттан секіріп кетті
Астанада жергілікті тұрғын «Мирадж» ТК-ның 12-қабатынан құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қыздың 12-қабаттан құлағаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды.
Елордалық Полиция департаменті ақпаратты растады.
Осы жылдың 10 сәуірінде сағат 13:05-те «102» каналына Қ.Мұхамедханов көшесіндегі үйдің ауласында қыздың биіктен құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері қаза тапқан адамның жеке басын анықтады, - делінген хабарламада.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«ҚазМұнайГаз» өкілдері жаңаөзендік мұнайшылармен кездесті
Өзгелердің жаңалығы