Елордалық жас құтқарушылар командасы Әзербайжан Республикасына жарысқа аттанады
Қазақстан Республикасының ТЖ министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов жас құтқарушылармен кездесіп, жарыста сәттілік тіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңа білім мен дағдыларға ие болып, Әзербайжан Республикасындағы халықаралық жарыста жаңа таныстықтар табуды тіледі.
Әзербайжан Республикасында жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтің туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған "Жас құтқарушы" Халықаралық балалар-жасөспірімдер жарысы өтеді, оған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің командасы да шақырылды.
Жарыс 2023 жылғы 23 маусым мен 3 шілде аралығында Әзірбайжан Республикасының Гябяля қаласында өтеді, онда біздің еліміздің атынан Астана қаласының "Жас құтқарушылар" командасы қатысады.
Жас құтқарушыларымызға сәттілік, жеңіс, өздеріне деген сенім мен жігер тілейміз!
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы