Елордалық ұландықтар іздеуде жүрген адамды ұстады
26 қаңтар күні сағат 17.40 шамасында елорданың Есіл ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша патрульдік қызмет атқару кезінде әскери жасаққа қылмыс жасады деген күдіктіні ұстау үшін бағдарлау келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұландықтар полиция басқармасының жедел кезекшісінен ауданда ұрлық жасады деген күдікпен іздеуде жүрген азамат бар екендігі туралы бағдар алды.
Біраз уақыттан кейін патрульдік топтың бастығы кіші сержант Абылай Амантаев патрульдік қатардағы жауынгерлер Мирас Тұрғанбай және Досымжан Бөгенбаймен бірге сипаттамаға сәйкес келмейтін ер адамды байқады.
Біздің маршрутты патрульдеу кезінде бізге ұрлық жасаған адамды бақылап, табуға хабар келді. Біз оны бірден іздей бастадық. Арай көшесінің маңында өзін күдікті танытқан азамат біздің назарымызды аударды. Құжаттарды тексеру кезінде ол іздеуде жүрген ер адам болып шықты, - деп түсіндірді патрульдік топтың бастығы кіші сержант Абылай Амантаев.
Құқық бұзушы ұсталып, одан әрі талқылау үшін оны Есіл ауданының полиция басқармасына жеткізді.