Елордалық ұландықтар ер адамды есірткімен ұстады

Астанада Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Алматы ауданын патрульдеу барысында ер адамды есірткімен ұстады, деп хабарлады BAQ.KZ.

10 мамыр күні сағат 20:00 шамасында патрульдік-бекеттік қызмет атқару кезінде әскерижасақ бастығы қатардағы жауынгер Әділет Сапарбек патрульдеуші қатардағы жауынгерлер Әлішер Сүлейжанов және Нұрсұлтан Ерінұлыменбірге күдікті азаматты байқаған.

Құжаттарды тексеру кезінде ер адам біртүрліәрекет етті. Осыдан кейін сарбаздар полиция қызметкерлерін шақырды.

Полицейлермен бірге сырттай тексеру кезіндебіз пакеттен арнайы иісі бар өсімдік тектес заттытауып алдық, - дейді қатардағы Әділет Сапарбек.

Содан кейін құқық бұзушы әрі қарай тексеріс үшін Алматы аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы