Елордалық түрмеде сотталғандармен жұмыспен қамту бойынша кездесу өтті

Ақмола облысы Аршалы ауднанында орналасқан Астана қаласы ҚАЖД-ға қарасты №2 мекеменің базасында Департамент басшылығының ұйымдастыруымен жазасын өтеп жатқан азаматтарды еңбекпен қамтуды ұлғайту бойынша жұмыстық кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуге Бас прокуратураның өкілдері, "Еңбек" РМК бас директоры және жеке кәсіпкерлер мен өндіріс ашуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлер, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының директоры және Аршалы аудандық әкімшілігінің кәсіпкершілік бөлімінің басшысы келіп қатысты.

Кездесуді Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің бастығы әділет полковнигі Даулет Рақымбеков ашты.

"Қазіргі таңда сотталғандарды, оның ішінде сот үкімі бойынша атқару парақтары бар сотталғандарды барынша еңбекпен қамту үшін өндірістерді ашып қосымша жұмыс орындарын құру керек", - деді ол.

Жұмыс кездесу барысында барлық өзекті мәселелер және олардың шешілу жолдары қаралды. Бас прокуратураның екінші департаментінің прокуроры әділет кеңесшісі Е.А Тайкешов "Еңбек-Аршалы" РМК филиалының өндірістік аймағында қосымша жұмыс орындарын ашу бойынша ұсыныстарын ұсынып, бұл бағытта оң шешім қабылданатынын айтып, сөзін қорытындылады.

Кездесуге келгендер мекеме аумағындағы өндірістік аймақтағы цехтарды аралады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы