Елордалық тұрғын көршісінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен

Астана қаласы ПД Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғыннан түскен арыз негізінде ұрлық жасалған істің бетін ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға былай өрбіген: жақында ғана көшіп келген әйел көршісімен танысу мақсатында оның үйіне барады. Әңгімелесу барысында күдікті кітап сөресінің жанында тұрған алтын әшекей бұйымдарын байқап қалады. 

Сол сәтте жәбірленуші есік қоңырауын естіп, кіреберіске қарай шығып кеткенде, әйел арам ойын жүзеге асырып, алтындарды жымқырып кетеді. Тәртіп сақшылары істің барлық мән-жайын анықтап, 30 жастағы күдіктінің ұрланған әшекейлерді ломбардқа өткізгенін анықтады. 

Полицейлер жәбірленушінің құны шамамен бір жарым миллион теңге болатын екі сақинасы, сырғасы мен алқасын тауып, иесіне қайтарып бердіЖәбірленуші полиция қызметкерлерінің жедел әрекетіне ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы