Елордалық теннисші Аустралияда өтіп жатқан турнирдің финалына жетті

Астаналық теннисші Альбина Какенова Аустралиядағы жасөспірімдер турнирінің финалында өнер көрсетті,деп хабарлайды BAQ.KZ  елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мельбурн Паркінің» кортында Аустралияның ашық чемпионатына арналған Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер турнирі аяқталды. 14 жастағы жерлесіміз Альбина Какенова финалдағы тартысты бәсекеде Жапония өкілі Хикари Ямоммотоға есе жіберіп алды: 7:6, 4:6, 2:6.

Әрине, шешуші матчта жеңіліп қалғаныма мұңайып отырмын. Финалға жету үшін қаншама көп күш жұмсадым. Дегенмен жылды жақсы бастағаныма өте қуаныштымын. Бірінші финал – мұндай беделді турнирде. Бұл тамаша апта және жақсы турнир болды. Мен одан тек оң нәтиже ала аламын, - деді елордалық спортшы.

Альбина Какенова Астана теннис мектебінің тәрбиеленушісі, «Дәулет» теннис орталығында Марат Шариповтың жетекшілігімен жаттығады. Өткен жылы Қазақстан маусымды 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Азия рейтингінде бірінші орында аяқтап, ATF (Asian Tennis Federation) Juniors сериясының жалпы төрт турнирінде жеңіске жетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы